Ұмытылмас Германия

2021 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде Германия империясының құрылғанына 150 жыл (18.01.1870) мерейтойына орай «Елдер мен континенттерге саяхат. Путешествия по странам и континентам» атты ивент-іс шараларының циклі өткізіледі.

13 қантар – экспресс-шолу-кітап көрмесі: «Ұмытылмас Германия. Незабываемая Германия. Unforgettable Germany»; 15 қантар – медиасапар–кітап көрмесі: «Германиялық ертегілеріне  саяхат. За сказками в Германию».

Менің ойымша, ертегілерді ұнатпайтын бала жоқ. Мұндай ертегілерді Эрнст Теодор Хоффман (24.01.1776-1822) және – ағайынды Гриммдер жазған. Джейкоб Людвиг Карл Гримм (04.01.1785 – 20.09.1863) және Вильгельм Карл Гримм (24.02.1786 – 16.12.1859).  Германияға арналған ивенттердің қорытынды аккорды – «Funny English» Балалар Ағылшын клубының (БАК) «Ертегінің ғажайып тартымдылығы. Пленительный аромат сказки» виртуалды саяхат-отырысын өткізу.

Эрнст Теодор Гофманның 245 жылдығына және неміс жазушысы, филолог Вильгельм Гриммнің 235 жылдығына арналған медиа-саяхат-кітап көрмесі ағылшын клубының отырысын талқылауға және өткізуге жақсы демеу болды.

Отырыс «Бремен музыканттары» мультфильміндегі әнімен басталды.

Ұлы неміс ертегішілерінің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімені тыңдап, балаларға ертегілер туралы алдын-ала дайындалған бейнероликті көру ұсынылды.

Материалды бекіту үшін «Сіз ертегілер білесіз бе?» викторинасы ұсынылды. Балалар сұрақтарға жауап беріп, иллюстрациялар бойынша, қандай ертегілер, олар қалай аталатынын тапқан және кейіпкерлердің аттарын атады. Ең белсенді қатысушыларға шағын сыйлықтар берілді. 

Содан кейін біз «Бремен музыканттары» мультфильмін қуана тамашаладық.

Отырыстың қорытынды аккорды – «караоке – нөмір» болды. Балаларға ән мәтіні бар дайын парақшалар таратылды, біз осы әнді үлкен ықыласпен және жігерлілікпен шырқадық.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *