Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай

Тәуелсіздік – еліміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі, тарихы бай, тамыры терең қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. 6 қаңтарда мерзімді басылымдар залы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты жарық көрген мақаласы аясында ақпараттық көрме ұйымдастырды. Көрмеде тәуелсіздік тарихы, қалай құрылғаны, азаттық жолында құрбан болғандар және қазіргі егемендік еліміз жайында ақпараттар берілген. Көрме жайында ақапарат facebook әлеуметтік желісінде жарияланды және залда жыл бойы оқырмандар назарына ұсынылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *