Менің туған өлкем циклі 44 сериясы

#Танысыңызжаңакітап

Онлайн библиостудия «Танысыңыз, жаңа кітап» айдарында Есмағұлов Аманжол Ыдырысұлының «Жақан Сыздықовтың ақындық әлемі» кітабын таныстырады. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап қазақ совет поэзиясына, жалпы әдебиетке алыптар шоғырынан кейн ілі-шала келіп, елу жылдай еселі еңбек сіңірген адам – Жақан Сыздықов. Кешегі кеңес заманында сыңаржақ саясат ықпалымен еңбегі еш қалған, халқына толық анылмай келе жатқан ақынның поэзиялық әлемін зерттеу қажеттігі бүгінгі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында айрықша сезіледі.

         Осы олқылықты толтыру мақсатында алдағы уақытта да зерттеуге нысан боларлық монография ұсынылып отыр. Ғылыми еңбек оқушыларға, студенттерге, магистранттарға, әдебиет әлеміне қызығушылық танытатын барша оқырмандарға арналады.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *