Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы

2022 жылдың 2 желтоқсаны күні М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тарихшы, профессор, Шешенстан Республикасының Ғылым академиясының құрметті акадамигі – Ермекбай Жарас Ақышұлының «Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы» атты зерттеу кітабының тұсаукесері өтті.
Бұл кітап қазақ халқының аса көрнекті тұлғасы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов хақында баяндалады. Тұлғаның тарихи әрі ғылыми мұрасы жинақталған бұл кітап, біртуар ғалымның тағдырындағы тың деректермен құнды болып отыр.
Кітап қалың оқырманға әрі студенттер мен тарих, жағрафия саласының мамандарына таптырмас туынды болмақ. Профессор Ж.А.Ермекбайдың бұл кітабы тарихи деректі зерттеулерден тұратын құнды еңбек.
Аталмыш іс-шараға қаламыздағы тарих саласының зертеушілері мен Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеттің оқытушылары әрі студенттері қатысты.
Іс-шара автормен сұхбат форматында өтті. Құрметті, оқырмандар, жаңа кітаптың тұсаукесері құтты болсын.
Тарихымызға бей-жай қарамай, еліміздің біртуар азаматтарының тарихын іздеп жүріп оқитын оқырмандарды кітапханаға шақырамыз! Келіңіздер, оқыңыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *